«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Ал 10 сотық жерді алу үшін тізімде тұрған азаматтар өте көп. Сондықтан біз әкімдіктермен мынадай келісімге келдік. Енді инфрақұрылым салынған соң ғана он сотық жер беріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Осы орайда министр өңірлерге инфрақұрылымды дамыту үшін тиісті қаражаттың берілетіндігін атап өтті.
«Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Республика бойынша жылына 40 мың адамға жер беріледі», – деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.