Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрлан Нығматулин: Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруге тағы бір қадам жасалды

Заң жобасы азаматтардың өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге бағытталған.

Заң жобасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-қадамын іске асыру мақсатын көздейді.

“Біз Елбасымыздың Ұлт Жоспарын орындау жолында тағы бір маңызды қадам жасадық деуге болады. Президентіміз айтқандай, еліміздің дамуы – бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді талап етеді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың уақытын үнемдеп, жұмыс сапасын күшейту. Осы орайда, бүгін мақұлданған заң жобасының орны да ерекше, рөлі де өте зор”, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, ең бастысы – заң жобасы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің нақты белгіленген ережелерін бекітеді.

Нәтижесінде бұл мәселеде бүгінге дейін орын алып келген жүйесіздікке, ретсіздікке жол берілмейді.

Айта кетейік, осы заң жобасы арқылы 3 кодекске және 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз