Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмағомедов Лас-Вегас қаласында өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді. Алайда төрешілер бұл жекпе-жектің ресми жеңімпазын жарияламады.
Нұрмағомедов төртінші раундта қарсыласын қылқындырды. Жеңіске жеткеннен кейін ресейлік МакГрегор командасы мүшелерімен төбелесіп кетті.
Ресейлік бұл жекпе-жек үшін екі миллион доллар, ал ирландиялық бір миллион долларға артық алады. Бұдан өзге МакГрегор мен Нұрмағомедов ақылы көрсетілімнен түскен ақшаның белгілі бір процентін иеленеді.
Нұрмағомедов осы күнге дейін жеңіліс тауып көрмеген. Ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан.