Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

«Нет, не надо…». Соловьев пен Жириновскийдің аузына құм құюдың амалы табылды

https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-resejlik-zhurnalist-solovevtin-keluine-kharsy-shygyp-zhatyr-255173

— Мен ондай адамдарды Қазақстанда көруді қаламаймын. Әрине, мұның демократия қағидаларын бұзуы мүмкін екенін жақсы түсінемін,

бірақ бұл адамдар Қазақстандағы ахуалды тұрақсыздандыруға ниетті және соған бар күш-жігерін жұмсайды.

Олар баяғы КСРО кезіндегідей, Қазақстан Ресейдің айтқанымен жүретін тәуелді республика , деп есептейді. Олардың әрекеттерінен, міне, осындай ұлы державалық шовинизмнің лебі ұрып тұрады. Тек сол үшін ғана мен оладың елімізге келуіне тыйым салар едім! — дейді ойын ортаға салған Көшім.

Отқа көсеу салмасын!

Ресейдің телевидениясындағы қайраткерлерге келетін болсақ, саясаттанушының айтуынша, олардың, әйтеуір, айтатын кәсіби уәжі бар.

— Олар журналист ретінде, сөз бостандығы шеңберінде өз ойларын ортаға салады. Мен оларды мемлекет қайраткерлерімен немесе саяси партиялармен бір қатарға қоймаушы едім, — дейді ол.

Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали, керісінше, Ресей телевидениясының кейбір өкілдерін Қазақстан Республикасында персона нон-грата деп, жариялау керек, деген пікірде.

https://kaz.365info.kz/mynau-ta-y-bastady-ma-zhirinovskij-ortaly-aziyada-orystardy-u-yndap-zhatyr-dejdi-212614

— Олар ресейлік ТВ-ның Соловьев сияқты ауызы жабылмайтын белсенділері.

Оларды сарапшы дегеннен гөрі насихатшы деп атаған жөн.

Олар екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына тікелей әсер етеді.

Ресей телеарналарын қараудың өзі жиіркенішті, олардың күнделікті айтатыны бірақ дүние – әлемдегі ең жаман, жексұрын халық – украиндар. Мен Ресей мен Украина арасындағы қалыптасқан қазіргі қарым-қатынасты үлкен трагедия ретінде қабылдаймын.

Олар біздің де шекемізді қыздырып жатқан жоқ. Президент Назарбаев өзінің соңғы рет айтқан сөзінде кейбір дүниелер бойынша «жағдайды ушықтырып, алысқа барудың қажеті жоқ» деген-ді.

Менің ойымша, бұл «Ресей отқа көсеу салмасын, екі ел арасындағы жағдайды ушықтыруға тырыспасын» деген ойды меңзейтін сыңайлы, — деген сенімде саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/sybys-shygyp-zhatyr-putin-zhense-khazakhstanga-ne-bolady-304922

Бұл кімге керек?

Персона нон граталар тізімін барлығы баруға ниет білдіретін елдер жариялауға тиіс, дейді тағы бір саясаттанушы Әміржан Қосанов. Ондай елдердің қатарына жағдайы тұрақты, өмір сүруге қолайлы мемлекеттер жатады. Әлбетте, мигранттардың барлығы сондай елде өмір сүргенді қалайды.

— Мұндай тізімге

Қазақстан тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын мойындағысы келмейтін, кеудесін неоимпериялық кеудемсоқтық кернеген тұлғаларды енгізген жөн.

Олардың қатарына Владимир Жириновский, Эдуард Лимонов сияқты тек Қазақстанның ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі басқа да көптеген елдердің егемендігі мен тәуелсіздігі туралы жағымсыз пікір айтатын қайраткерсымақтарды кіргізуге болады.

Бірақ оларды қара тізімге енгізудің қандай қажеті бар?

https://kaz.365info.kz/resejge-khosylmasan-ali-khantogis-bolady-kreml-zhirinovskijdi-zhanasha-sojletti-313658

Олар біздің елге келуге соншалықты құштар ма?

Біреуді персона нон-грата деп жариялап, оларға өз елінің аумағына кіруге тыйым салу үшін, ол ел барлығы келуге және сол елде өмір сүруге ұмтылатын мемлекет болу керек. Өкінішке қарай, әзірге Қазақстан туралы олай айтуға болмас.

Оның үстіне, қандай да бір елдің ішіне іріткі салу үшін сол мемлекетте өмір сүру шарт емес: бұл қазір БАҚ, Интернет, әлеуметтік желіліер бар.

Персона нон-грата тізіміне  мен өз байлығын шет елдік банктерде ұстайтын, өз елінің қаржы жүйесіне, түптеп келгенде, өз Отанына сенбейтін шенділердің барлығын енгізер едім!

Жиған-тергенін сақтайтын, жылжымайтын мүлігі бар сол елдерге кетсін? Сол жақта тұрсын! — дейді ойын түйіндеген саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/zhirinovskijdin-khazakhtardy-ne-yshin-zhek-koretini-belgili-boldy-313694

Осы орайда, атап айтар нәрсе, осыдан біраз бұрын ғана Владимир Соловьев елімізге келіп, ниет білдіргендерге дәріс оқып, қаламақысын алып кеткен-ді. Бірқызығы, оның біздің елге деген жеккөрініші қалтасын біздің ақшамен қампайтуға кедергі емес.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз