Қазіргі қоғамда қызыл -жасылға қызығып, құр уəдеге сенген, шексіз бақытты бағаламай, от басқан қаракөздеріміз қаншама. Уақыт өте келе аяғы ауырлағанын біліп, ел-жұрттан жасырамын деп бірі түсік тастайды, енді бірі бейкүнə сəбиді керексіз заттай тастап кете барады. Келесі бірі қып-қызыл ақшаға саудалап жатады.
Бұл туралы Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына айтты.
Гүлмира жүргізушілердің қойған сұрақтарына ызаға булыға дүрсе қоя беріп, көзіне еріксіз жас алды. Бұл қыз тағдырына, əлде жасарын жасап, бала пайда болған соң ізін суытқан жауапсыз əкеге ме, əлде осындай дерттің өрбуіне тоқтау бола алмаған қоғамға өкпелі ме… белгісіз.
https://kaz.365info.kz/zhertoleni-panalap-otyrm-15-zhasta-akhsakhaldan-zhykti-bolgan-bojzhetken-oz-shyndygyn-ajtty-316073
«Жігітім екеуіміз бір жыл жүрдік. Менің аяғым ауыр екенін білгеннен кейін, екі апта жанымда жүрді. Мұнан кейін аборт жаса деп ақша әкеліп беріп, кетіп қалды. Қазір ішімдегі балаға 14 апта болды. Дәрігерлерге тексерілдім, дені сау.
Мен баламды еріккеннен біреуге бере салайын деп жатқаным жоқ. 14 аптада оған бауыр басып қалдым. Бірақ басымда несием бар. Оның пайызы өсіп жатыр. Аздап төлесем де, банктен қоңырау шалып, төлеуімді талап етуде.
Баламды босанып, оны жақсы адамдарға бергім келеді. Ол кісілерден ақша сұрап отырған жоқпын. Тек несиемді жауып берсе болды. Амалсыздықтан берейін деп отырмын», – дейді Гүлмира.
https://kaz.365info.kz/khyrbysy-satyp-aldy-zhezokshelik-zholmen-bajygan-zhigit-syrymen-bolisti-317506
Сонымен қатар ол анасының қайтыс болғанын, ал әкесінің басқа отбасы барын айтты.
Қазіргі уақытта ағасымен бірге тұрып жатқан бойжеткен жүкті екенін айтуға “ағамнан қорқамын” дейді.
Оның сәбиін сатпақ болуына да осы қорқыныш себеп болған тәрізді.
Хабар соңына қарай заң қызметкері шарасыз бойжеткенге несиенің пайыздарын азайту жəне басқа да тиімді жолдарын ақысыз қарастырып беруге дүйім ел алдында уəде етті. Оның жомарттығынан кейін бойжеткеннің ойы өзгере түсті.
“Егер де көмек қолын созып, қол ұшын беремін дейтіндер болса бұл баланы бауырыма басамын”, – деген ойға нық тоқтады ол.
https://kaz.365info.kz/oldin-ba-zhelide-mektep-formasyn-sheshpesten-kyjeuge-tigen-khyz-eldin-ashuyn-keltirdi-video-317680
Дерек көз:Stan.kz.