Ақтөбе жол полициясының танымал қызметкері Жаннат Ахетоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады “Мой город” порталы.
Басылым атап өткендей, “Зена — жауынгерлер ханшайымы” атты сериалдың басты кейіпкеріне қатты ұқсағандықтан, жергілікті жұрт аға инспектор Жаннат Ахетованы Зена деп атап кетіпті. Ахетова қаладағы ең принципшіл, пара алмайтын, таныс-тамыр арқылы шаруа шешпейтін полицейдің бірі болған. Бірақ, бұл Қазақстан ғой…