Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Неліктен АҚШ Қытаймен қырғи-қабақ соғыста жеңіліс табуы мүмкін?

407

АҚШ пен Қытай арасында тығыз байланыс нүктелері өсіп келеді. Олар:

  • сауда,
  • Оңтүстік Қытай теңізі,
  • Солтүстік Кореямен қарым-қатынас,
  • коронавирус пандемиясы,
  • ұйғыр мәселесі,
  • Гонконг,
  • сайлауға араласу және
  • әлеуметтік желілерде американдықтарды бақылау.

Осыған байланысты Қытайға жаңа қырғи қабақ соғыс жариялау туралы үндеулер көбейіп келеді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О ‘ Брайеннің соңғы мақаласына сүйенсек, Америка үкіметі қоғамдағы анти-қытайлық көзқарасты қолдайды.

Ол өзінің эссесін «марксизм-ленинизм және Қытай Коммунистік партиясының идеологиясын» қатты айыптаудан бастады. Соңын

Пандемиядан кейінгі әлем қандай болады? Жаһандық экономикаға арналған болжам

«Егер өткен ғасыр қуатты мемлекеттер қолдайтын қауіпті идеологиялардың зияны бір шекараның аумағымен шектелмейтінін көрсетті» деп аяқтады.

Басқаша айтқанда, АҚШ үкіметінің жұмысында Қытайды ұстап тұру саясаты басым деп қорытынды жасауға болады.

Қытай Америка үшін қауіп көзі емес

Бонни Кристиан — қорғаныс саласындағы ғылыми қызметкер, жетекші БАҚ-тың тұрақты авторы. Ол ұзақ уақыттан бері америкалықтардың мүдделеріне зиян келтіретін сыртқы саясаттағы АҚШ-тың шамадан тыс белсенділігінің сыншысы ретінде танымал болды. Ол жаңа қырғи қабақ соғыс тақырыбын да көтерді.

— Қырғи қабақ соғыстың тартымды екені айқын. Қытай үкіметі шынымен де коммунистік деспотизм болып табылады, біз ойлағаннан гөрі ескі және Кеңес Одағына ұқсас. Бірақ қытайлық жариялылықты немесе қайта құруды көру екіталай.

Қазақстандықтардың жалақысы қаншалықты өсті және статистиканы қолдан жасау кімге керек? — сарапшы

Бейжіңнің Гонконгтағы әрекеттері, сондай-ақ оның жалпы халықты бақылау жөніндегі қатал саясаты кез келген айыптауға лайық. Жаңа қырғи қабақ соғыс арқылы үкімет өзін-өзі моральдық тұрғыда ақтап алғысы келеді, — деп жазады Кристиан TNI блогында.

Алайда, сарапшы КСРО-мен болған қырғи қабақ соғыс ауқымды әскери қақтығысқа айналмаса да, ол зардап шегушілерсіз болғанын және америкалықтарға өте қымбатқа түсетінін есте сақтауды ұсынады.

— Ол бізге Корея мен Вьетнам соғыстарын, Свиней шығанағы мен кубалық зымыран дағдарысын сыйлады. Енді бізге өз адамдарымыз бен қаржымызды жоғалтып, жаңа аймақтық қақтығыстарға араласу қаупі  туындайды.

Немесе бірден екі ядролық державаның әскери қақтығысына тап боламыз

Бірақ қырғи қабақ соғыстың қажеті жоқ. Қытай — бұл АҚШ мүдделеріне әсер етпейтін ішкі және аймақтық мәселелерге бағытталған аймақтық держава. Ал соғыс ашатын болсақ,  үлкен қауіп-қатердің көзін өз қолымызбен құрамыз, —деп жазады сарапшы.

Америкаға төнетін қауіптер

Бонни Кристиан Қытаймен қақтығыстың кез келген ушығуы америкалықтарға ешқандай саяси, экономикалық, тіпті әлеуметтік дивидендтер әкелмейді дейді.

Оған келесідей дәлелдер келтіреді:

  • Қырғи қабақ соғыс әскери шығындардың күрт өсуіне себеп болады (мүмкін жаңа қару жарысы), ал Пентагонның бюджеті мен федералды тапшылығы шыңына жетті.
  • Бұл пандемияның салдарымен күресіп жатқан америкалық экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді, өйткені америкалық-қытайлық экономикалық интеграция америкалық-кеңестік өзара әрекеттесуден әлдеқайда маңызды.

АҚШ пен Қытайдың арасындағы қақтығыс шарықтау шегіне жетті. Бұл бізге қалай әсер етуі мүмкін?

  • Тек аңғал адам ғана америкалықтардың азаматтық бостандықтары  жаңа қақтығыстан кейін де өзгермейді деп болжайды.
  • Қырғи қабақ соғыс біздің саясатымызды жақсартпайды, құқықтарымызды қорғамайды және өміріміздің сапасын арттырмайды.
  • Қытаймен жаңа қырғи қабақ соғыс Кеңес Одағының ыдырауына ұқсас нәтиже алатынымызға кепілдік бермейді немесе Пекинді АҚШ-тың Гонконгқа немесе басқа нәрсеге қатысты талаптарын орындауға мәжбүрлеуде шамалы ғана табысқа жетеміз.

Соңғы екі онжылдықтағы сыртқы саясаттың сәтсіздіктері мынаны көрсетті

тіпті супер держава да Вашингтон ұмтылған басқа елдердің ішкі істерін толық көлемде  бақылауға қол жеткізе алмайды,

Ал бақылағысы келетін ұлт  қатыгез диктатурасы, байлық пен әскери күштің жоғары үлесі бар ұлы держава болса бұл айдан анық келеді.

Түйін

«Біздің Үкімет Пекинмен қарым-қатынасында қулыққа барудың орнына, ушыққан жағдайды реттеуге тырысуы керек.

Тұрақты шынайы дипломатия —  бұл америкалықтар мен Қытайдағы Пекин саясатынан зардап шеккен адамдардың жағдайын нашарлатпайтын, америкалық-қытайлық келіспеушіліктерді шешудің ең жақсы тәсілі»,  —деп жазды Кристиан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз