Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандықтардың жалақысы қаншалықты өсті және статистиканы қолдан жасау кімге керек? — сарапшы

173
Сурет: kursiv.kz сайтынан алынды

Жарты жыл ішінде 5 млн-нан астам қазақстандықтың табысынан айырылуына 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы алғанын, ал бизнестің үштен бірі әлі жұмыс істемегенін ескерсек, бұл статистикалық ведомствосының деректері күмән тудырады. 5 тамызда LS.kz ақпарат агенттігі  Қазақстанда орташа жалақы ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда тез өсіп келе жатқандығы туралы деректер жарияланды.

«2020 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы атаулы жалақы 206,1 мың теңгені құрады. Бұл 2019  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға көп», —деп жазады басылым. — «Долларлық мәнде елдегі жалақы 510 долларды құрады.

ЕАЭО статкомитетіне сәйкес, бұл  өсім Одақтағы ең жоғары көрсеткіш

Қазақстан осы көрсеткіш бойынша қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша да көшбасшы болғанын еске саламыз. Жалақының өсуі бойынша екінші орында Беларусь тұр. 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13,5%-ға — 1,2 мың Беларусь рубліне (505 доллар) дейін өсті. Қырғызстанда — 10,5%-ға, 18 мың сомға дейін ($242). Ресейде — 5,8%, 49,6 мың рубльге дейін (717 доллар). Арменияда — 5,4%-ға, 186,4 мың драмаға дейін ($385) көтерілген».

Сонымен қатар, Қазақстан мемлекеттік статистикалық комитетінде бір қызметкердің 2020 жылғы II тоқсандағы орташа айлық атаулы жалақысы туралы жаңа деректер пайда болды. Көрсеткіш тағы да артқан. Біздің азаматтар орта есеппен 212 мың теңге табады. Бұл ел төтенше жағдай мен үздіксіз карантинді бастан өткергенін ескере отырып шығарылған қорытынды.

«Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова мемлекеттің осы көрсеткіштерді неге сүйеніп шығарғанын, оның нәтижесі неге алып келетінін талдады.

Гүлмира Илеуова

Күмәнді әдістер

— Сапасыз статистиканы пайдалану — бұл болашаққа жоспар құру кезінде үлкен қауіп-қатер тудырады, — дейді сарапшы. — Халықтың жоғары табысы ескеріледі . Нәтижесінде кейін қате жоспар жасалып,  адамдар бағаның өсуіне қатысты күтпеген шығындарға тап болады.

— Бізде кез-келген дағдарыс әрқашан көрсеткіштердің артқанын көрсетеді.

— Қазір статистика қалай қалыптасып жатқанын білмеймін, есеп те қалай болса солай тапсырылады.

Осыдан он жыл бұрын статистикалық есеп тапсыру міндетті болды. Менің ойымша, қазір қорытынды есептеулер қандай да бір экстраполяция негізінде шығарылады

Статистика жүргізілген кейбір кәсіпорынды алып, кейін оның қорытындысын кәсіпорындар жиынтығына таратылады. Бұл әдістемелік жоспардың алғашқы қателігі.

Екінші мәселе, экономика құрылымы айтарлықтай өзгерді. Бір қызмет саласында тіркелген адамдар жалақы шығындары төмен  екінші салаға ауысады. Демек, осыдан артық сандар пайда болады.

Шығындар тұрғысынан алғанда, Алматыдағы азық-түлік емес тауарлардың бағасы өте қымбат. Ал баға талдауын кім жасайды? Ұлттық банк пен статистика екенін білемін. Ал қандай әдіс бойынша? Сауалнама жүргізе ме? Карантин жағдайында кім жауап берді және бұл зерттеулер қашан жүргізілгенін білмеймін.

Прогресс трендте

— Қазір біз зерттеу жүргізу барысында  үлкен қиындықтарға кезігеміз.

Менің карантин жағдайында өткен кезеңдердегі шартты деректерді алып, түзету енгізе салды деген күдігім бар

Егер солай болса, бұл ғылымға қастандық жасаумен бірдей. Халықтың кірісі мен шығысының нақты бөлінуін түсіну мүмкін емес. Көрсеткіштерді осылай қарастыру  — әлеуметтік жауапсыздық таныту.

— Ең қызығы, 2020 жылдың екінші тоқсанына арналған мұндай статистика жоқ. Тек орташа жалақы мөлшері бар. Өңірлердегі қарапайым жұмысшылардың “кім 212 мың теңге жалақы алады?” деген сұрағы орынды.

— Талдау және жоспарлау тәсілдеріне талай рет сын айтылды. Біздің мемлекеттік органдар қандай да бір түсініксіз дәстүр бойынша әрқашан оң динамиканы көрсетуі тиіс. Бұл карантинге, ауруға және экономиканың құлдырауына қарамастан міндетті шарт. Тоқырау, тежеу, тіпті  құлдырау да бізге тән сөздер емес. Бізде мұнай бағасының құлдыраса да, жалақы деңгейі тұрақты түрде өсіп отырады. Шенеуніктер тек прогресті көрсететін ақымақ трендтің құрбанына айналды.

Тапқанынан көбірек ақша жұмсаған ба?

Мемлекеттік статистиканың әлеуметтік әділ деректерді қаншалықты көрсететінін түсіну үшін статистиканы тереңірек зерттедік. Алматылық орта таптағы адамды мысалға ала отырып,  өсу трендіне еліктеу үшін сандарды қалай шебер айналдыруға болатынын көрсетеміз. Алайда Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша Алматының басып озған.

Біз 2020 жылдың I тоқсанындағы ресми деректерді қолдандық. II тоқсандағы барлық ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Сонымен, Алматылық  жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 238 708 теңгені құрады. Демек, тоқсандық — 716 124 теңге. Алматылықтардың І тоқсандағы орташа жан басына шаққандағы атаулы табысы — 164 462 немесе айына 54 мың 520 теңге. Ал Алматыда «номиналды» және «нақты» қосымшаларын қоспағанда, тоқсан ішіндегі орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 224 052 құрады. Немесе әрқайсысына 74 684 теңге.

Мемлекеттік статистика сайтында 20 мың өсу қайдан пайда болғанын  түсіндірмейді де

Әрі қарай қызықты. Алматылықтар бұл ақшаны не үшін жұмсады? Тек 2020 жылдың І тоқсанында  жан басына шаққанда әр адам 260 мың 667 теңге (немесе айына 86 889) тұтынған. Бұндағы тұтыну дегеніміз өндіріске инвестиция салу мен ақша жинақтаудан басқа шығындарды білдіреді. Сонда айына  әр адам қанша табыс тауып, қанша шығын шығарғанын байқадыңыз ба? Оңтүстік астананың тұрғындары минусқа кетіп қалды, тіпті оны өздері де байқамаған.

Аман қалу үшін күрес

Енді сол статистиканы үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстарының призмасы арқылы қарастырыңыз.

Орташа алматылық отбасы 2020 жылдың І тоқсанында 658 993 теңге немесе айына 219 мың 664 теңге көлемінде ақшалай табыс тапты.

Осы ақшаның ішінен 2020 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Алматы үй шаруашылығын тұтынуға 766 688 теңге жұмсады. Қайтадан сандар сәйкес келмейді— жұмсаған ақшадан азырақ жалақы алады.  Алматылық отбасылар азық-түлікке орташа есеппен айына 44 280 теңге жұмсады. Соның ішінде кафеге бару, алкоголь мен темекі сатып алу. Егер статистикаға сенсек, тек азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға айына 5 мың теңге шығарады. Бұл бүкіл отбасы үшін көрсетілген сома. Бұл көрсеткіш, анығын айтқанда, азық-түлік бағасының өсуін ескере отырып, өмір шындығымен сәйкес келмейді.

Ақылы қызметтерге жұмсалған шығындарға келгенде де таңғаларлық деректерге тап боламыз. Қаңтар-наурызда жан басына шаққандағы орташа көрсеткіш айына 18 145 теңгені құрады. Ақылы қызметтер дегеніміз — коммуналдық төлемдер, көлік, байланыс, білім беру, денсаулық, тұрмыстық техниканы жөндеуге жұмсалатын төлем.

Азық-түлік емес тауарлар—киім, аяқ киім, ЖЖМ, гигиена құралдарына әр алматылық айына орташа есеппен 2,5 мың теңге шығындалды

Осындай шолуды әр аймақ бойынша жүргізуге болады. Біз мұнай-газ және қаржы секторлары мен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің орташа жалақысымен біріктіріп есептесек, 212 мың деген сан толығымен шығады деп сенеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз