Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Некеңді қимай-ақ тойлай бер, бізде уақыт жоқ”. Неке тіркеу орталықтары қалай жұмыс істейді?

201

Екеуі де бар істерін ысырып, күндізгі сағат 12-де келеді. Алайда, кезектің көптігінен өтініш жазып үлгере алмады. Кезегі жеткені сол еді, жұмыскерлер бір жарым сағатқа түскі ас ішуге кетіп қалады. Енді олар жұмыстары аяқталысымен келіп еді, неке қию компаниясы тек кешкі сағат 17:30-ға дейін жұмыс атқарады екен.

Жұптың өтініші осымен қалып қалды. Күйеу жігіт қатал бастығынан артық сұранғысы келмейді, ал әйелдің көңіл-күйі қайдан болсын?

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы азаматтық неке қиятын мекеме есігі 9:00-ден басталып, кешкі 17:30-ға дейін ғана ашық, онымен қоса 13:00 мен 14:30 арасы түскі асқа берілсе, демалыс күндері мүлдем жұмыс істемей. Ал көптеген үйлену кештері демалыс күндері тойланады. Неге бір жұмыс күнін демалыс күніне аудармайсыз деген сұраққа олар: “демалыс күндері дерекқор жұмыс істемейді”, деп жауап қатты.

Өз тойыңда, түс кезінде келсең…

Бұрындары неке қию салтанатты рәсім ретінде өтетін. Нике қиюшы әйел арнайы әдемі көйлекпен, әдемі шашпен, боянып, дауысын жарқын шығарып жұпқа ізгі тілектерін тілеуші еді. Мұның бәрі қайда кетті?

Жаңа заң шығысымен, неке қию техникалық іс болып кетті. Ешқандай романтика жоқ! Енді неке қию куәлігін дүкеннен бір қорап қант алғандай аласыз.

“Куәлікті алу үшін жұмыстан сұрандым”, – дейді күйеу жігіт. – Бір айдан соң куәлігімізді алуға келдік. Куәлікті ұсынған әйел ешқандай салтанатсыз, тілегін айтты да бере салды. Біз қолымызды қойып растадық та, алып кеттік. Ол жерде салтанатты рәсім жасайтын бөлек залы да бар. Бірақ, оған қомақты қаражат төлеу керек. Неліктен олай? Бұл жеке емес, мемлекеттік орталық қой!

Егер сіз неке қию туралы куәлігіңізді үйлену тойыңызда салтанатты жағдайда алғыңыз келсе,

оған қосымша 20 мың көлемінде ақша төлеуіңіз керек екен.

Бәрі де халық үшін

Біз Алматы қаласындағы халықтың азаматтық жағдайы тіркелетін орталықтарды қарап шықтық. Желідегі сайттарында тіпті телефон нөмірлері де көрсетілмеген. Түрксіб және Әуезов ауданының тіркеу орталықтарының сайты да жоқ. Наурызбай ауданы әкімінің сайтындағы “неке тіркеу орталықтарының қызметтері” деген сілтемені бассаң, мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары шығады. Тек Алатау және Жетісу ауданының сайтында тіркеу орталықтарының телефон нөмірлері мен жұмыс кестесі толықтай көрсетілген.

Әкімшіліктің “неке тіркеу қызметі” жайлы мәлімдемесі 2015 жылдың сәуір айында шықты. Онда азаматтық некеге тұру , не болмаса неке қидыру рәсімдері

20 минуттан аспайтын уақыт алуы қажет,

деп жазылған. Сол мәлімдемеде қосымша қаражат төлеу жайлы ешқандай сөз жоқ. Ал төленуі қажет қызметтерге нақты тоқталып, бәрі жазылған. Мәселен, неке қию үшін 1 АЕК көлемінде және куәлікке өзгерістер енгізу үшін 0,5 АЕК көлеміндегі төлем бар. Енді осыдан мынадай сұрақтар туындайды:

Неке қиюшылардан алынатын қосымша қаражат заңды ма, әлде қосымша табыс табу көзі ме? Сосын әр неке қидырушы жұпқа неке куәлігін салтанатты түрде ұсыну міндетті ме?

Дереккөз: caravan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз