Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Неке сақинасы ұнамай қалған қыз сынның астында қалды

536

Сондықтан ол жабық топтағы достарына сақинаны “мазақ” қылуға шақырған. Ал виртуалды достары қызға тап беріп, ақыры ол қарша бораған сынның астында қалды. Посттың көшірмесі Reddit порталына жарияланды.

Жабық топтың мүшесі сақинаның суретін салып, оны жігітінің шкафынан кездейсоқ тауып алғанын айтқан.

“Әсер ала аламадым. Мазақ қылыңдар. Және оған әдепті түрде басқа сақина сатып алу керектігін қалай жеткізуге болады? Ақыл-кеңес беріңіздер”, — деп жазды ол.

Бірақ ақыл-кеңестің орнына өзіне қарсы айтылған сөздер қарша борады.

” Сұмдық пост. Сондай-ақ мына сақина менің сақинама ұқсайды, ренжігенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, — деп жазды бір келіншек.

“Керемет сақина! Түсінсем бұйырмасын, қай жері ұсқынсыз?” — деп таң қалды тағы біреуі. “Бұл сақина саған арналмаған болып шықсын деп тілейміз”, — деп

жазды тағы бір қолданушы. Әлеуметтік желінің көптеген қолданушылары қыздың өрескел қылығын сөгіп, оның мәдениетсіздігіне таң қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз