Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Неге өтірік айтасың?”. Бақытбектің қарындасы Баянға қатысты мәлімдеме жасады

Нағима Есентаева Баянның бұл сөзін продюсердің халықтың алдында ақталуы деп ойлайды.

«Оның ағаммен 22 жыл бойы бақытсыз өмір сүрдім деуі халықтың алдында ақталуы деп ойлаймын. Бүкіл елге 22 жыл отасқан жарын, қыздарының әкесін қайта-қайта жар салып айтуын әбессіздік деп есептеймін.

Бақытсыз болдым деп айта берсе, оған біреу 22 жылын қайтарып беретіндей», – дейді Нағима Есентаева.

Ол Баян Мақсатқызының сұхбатында айтқан сөздеріне жеке-жеке тоқталды.

«Мен шыншылмын, ақпын»,- депті Баян. Егер ол шыншыл болса, онда неге ағамды сонша жыл алдап келді? «Маған өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан бақытты өмір сүруге тиістімін», – депті тағы бір сөзінде. Бақытбек Есентаевқа екі өмір беріліп пе сонда? Оны сүйемін деп 22 жыл алдап келсе, одан соң сүйіктімді таптым деп 9 жылға қаматып тастаса, ағамның өмірі ойыншық па? Мен ағамды ақтап отырған жоқпын. Ол өзінің істеген ісіне қарай жазасын алып отыр. Бірақ Баян өзін ғана ойламай,

басқаларды да ойлауы керек, бөтен адам емес, қыздарының әкесі», – дейді Бақытбек Есентаевтың қарындасы.

Ол сондай-ақ, бұдан бұрын Баянның»күйеуім ажырасуға келісім бермеді» деген сөздерін жоққа шығарды. Нағима Есентаеваның айтуынша, былтырғы оқиғаға дейін ол үйде ажырасамыз деген сөз айтылған емес.

https://kaz.365info.kz/50-zhasyndy-osylaj-kharsy-alatynyndy-kim-bilgen-esentaevtyn-kharyndasy-ajtkhan-tilek-koptin-konilin-zhibitti-264173

Нағима Есентаева ағасымен 22 жыл бақытсыз өмір сүргенін айтқан танымал продюсерге тағы бір уәж айтты.

«Баянның ата-анасы 20 жылдан астам уақыт ағамның қолында тұрды. Сол уақытта қыздарының бақытсыз екенін көріп тұрса, күнде үйінде ұрыс-керіс болса, ол кісілердің көзі байлаулы болғаны ма? Неге үндемеді?

Олар Бақытбекке:

«Сен біздің күйеу баламыз емес, туған баламызсың» деп отыратын»,

– дейді ағасымен жақын сырлас екенін алға тартқан Нағима Есентаева.

Нағима Есентаева өзінің ақталмайтынын алға тартады. Ол бәрін уақыттың еншісіне қалдырып отыр.

«Бақытсыз өмір сүрдім» деген Баян Мақсатқызы осындай жетістікке жетсе, Алагөзов мырзамен «бақытты өмірінде» қандай дәрежені бағындыратынын уақыт көрсетер.

Қай кезде бақытты болғанын алда біле жатармыз. Қазір мен ештеңе демеймін. Ол шыққан сайын біз ұяламыз. Бір жерге барып фамилиямызды айтсақ, бәрі бетімізге жалт қарайды. Егер шынайы бақытты болса, ел алдына шыға бермей, басқа адамдарға да тыныштық берсін. Тек біздің отбасына ғана емес, Алагөзовтер отбасына, балаларына, әйеліне ауыр тиіп отыр. Мұнымен қоймай, қайта-қайта жұрт алдына көрініп, екі жанұяның да моральді  тұрғыда мазасын алғаны үшін Ляйсираның (ред. – Тұрсынғали Алагөзовтың әйелі) алдында ағам ұялып жүр. Менің Баянға айтқым келетіні –

адам қанша ақталса да, өтіріктің арбасы шындықтың көпірінен өтпейді»,

– дейді Нағима Есентаева.

https://kaz.365info.kz/kim-ne-dese-o-desin-bakhytbek-esentaevtyn-kharyndasy-agasy-turaly-shyndykhty-ajtty-foto-252127

Еске салсақ, күні кеше танымал продюсер Баян Есентаева отандық блогер Ержан Рәшевке сұхбат беріп, өзінің өмірі жайында ашық айтып берген болатын. Ол өзінің жазып жатқан кітабында Бақытбек Есентаевты сүймегенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз