Желідегі парақшасына жыртық джинси киіп түскен суретін жүктеген Баян Алагөзова сынның астында қалып, ақыры шыдамаған бикеш бұған ұзын-сонар жауап жазды.
Сын атаулыны онша-мұнша елемейтін Баянның елеусіз нәрсеге шырт ете түсуіне қарағанда соңғы кездері оның жүйкесі сыр беріп жүрген секілді. Енді ше?.. Қызын тұрмысқа беруге дайындалып ала-шапқын боп жатқан жайы бар. Ал Айсәуле болса, мына жақта желіде біртүрлі жазбалар жазып, анасын қайта-қайта мазасыздандыруда.
„Бізде қаншама қаптаған ырым-тыйым?.. Жауапсыз қалдыра алмадым. Маған „өз жасына сай неге киінбейсің, бәрібір жасың 18-де емес, көрініп тұр ғой, жас емес екеніңіз„ деп жиі жазады.
Достар, осындайды жазатын адамдар өз-өзіне көңіліне толмайтын қыз-келіншектер деп ойлаймын.
Жасымның қаншада екенін мен жақсы білем. Бірақ „жасына сай киінбейсің бе„ дегенді ұға алмадым. Не сөз ол?.. Мысалы, сіз қырықтан асып, кең көйлек киіп, ағарған шашыңызды жапқыңыз келсе, солай істей беріңіз.
https://kaz.365info.kz/bilmejsizder-goj-ony-ajsaule-bakhytbek-akhyry-oz-shyndygyn-ajtty-327441
Менің онда шатағым жоқ. Көңіліңіз қалағанды кие беріңіз, әдемі көрсететінді, тартымды көрсететінді, шаршап-шалдыққаныңызды көрсететінді, өте агрессивті көрсететінді. Қайсың қалайсың, кие беріңіз.
Мен де солай етем. Кез келген киімде өзімді жақсы сезінем. Ол жеңіл жаздық көйлек бола ма, әлде жыртық-жыртық джинсы бола ма, бәрібір.
Бірақ жасқа сай деген менде ұғым жоқ. Мынау болмайды демеймін, көңілім жаратса болды, бәрі болады мен үшін.
Сіздерге де солай істеуге кеңес берем. Біреудің айтқанымен өмір сүрудің қажеті жоқ. біреудің пікірінің жетегіне кетудің не қажеті бар? Тек стильге келгенде ғана емес, жалпы өмірде де. Өзіңіз үшін өмір сүріңіз, өзіңізді дамытып, жақсы дүниелер тудырыңыз, жақсы көріңіз, жақсысы болыңыз қалаулыңыздың.
Ал әлгіндей шектеулер адам баласының барлық арман-тілегіне тұсау боп, тумай жатып өлтіреді оны.
https://kaz.365info.kz/seken-seken-etedi-bayanga-zhagam-degen-alagozov-yyatkha-khaldy-video-327397
Тыйымның бәрі ол сіздің басыңызда сарнап жатқан нәрсе, ал менің джинсиым соны сыртқа төгудің бір құралы ғана. Өзің солай істей алмайтынына жынын келіп айтқызады оны. Қырыққа кеп, бәріне түкіріп жүре бере аласыз ба? қалағаныңызды киіп, жақсы көретін көшеңізбен жүріп өте аласыз ба? Жоқ, іштегі тыйымдар оған жол бермейді. Мұны комплекс деп атайды.
Мен бұлай біреуді оқытқып кеп жатқам жоқ, біреудің осылай көңіл-күйін бұзу арқылы өзіңіз де жаман пиғылыңыздың құрбанына айналасыз. Біреудің кемшін тұсып саусақпен шошайтып көрсете тұрып, өзіңіздің де кемшілігіңізді байқатып қалып жатқаныңызды аңғармайсыз да.
https://kaz.365info.kz/zhalap-zhatyr-myna-korinis-zhyrttyn-zhagasyn-ystatty-video-327675
Жеке өз басыма келсем, маған бәрібір, мен үшін бәрі жақсы. Күндеріңіз сәтті өтсін, қазір мен жұмыстамын, жақсы көретін жұмысымдамын. Кезекті бір жобаны қолға алып, оны түсіруге кірісіп кетпекпіз. айтақнадай, менің жейдемдегі американ президентін көрдіңіздер ме, оған да бәрібір. Ал мына сұрықсыздау сары шкаф ше? Түсі ұнамайды, бірақ қалай лақтырып жіберем, оған қолым бармайды.Өйткені ол қытайдың бағзы заманынан келе жатқан антиквариат. Ол өз орнында тұр, қазір экслектика сәнге шықты ғой, – деп жазды Баян Алагөзова.