Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы осындай шешімге келді. Ауру түрлерінің жаңа тізімі 2018 жылдың ортасына қарай жарияланбақ.
Мамандар компьютер және видео ойындарына шамадан тыс көп уақыт жұмсау, күнделікті шаруаларды ысырып тастау, одан келген зиянға қарамастан, әрі қарай жалғастыра беру, аталған дерттің басты белгілері екенін айтады. Ойынға құмар адамның мұндай әдеті оның жеке өмірі мен жұмысына әсері анықталған жағдайда осындай диагноз қойылады.
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, диагнозды қою үшін кем дегенде бір жыл уақыт керек.
«Ойындарға құмарлықты психикалық ауытқуға жатқызу шешімі көптеген елдің әзірге жаңа ауру түрімен күресудің оңтайлы жолдарын табуға септігін тигізеді», – дейді ұйым өкілдері.