Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы ақыры Үндістанға қайтып оралды

156

Делиде жексенбі, 11 қыркүйек күні 34 жастағы Жанна Шалабаева 24 жастағы күйеуі Тину Джанграмен бірге Үндістанның Сыртқы істер министріне жолығып қайтты. Үндістанда туристік визасы 31 шілдеге дейін ғана жарамды Жаннаға министр Сушма Сварадждың өзі визасын ұзартуға көмектескен. Жас жұбайлар сол үшін министрдің ресми резиденциясына барып, оған алғысын білдірді.

1

“Мен 31 шілдеге дейін еліме қайтып оралғаныма қарамастан, виза мәселесі бірден шешімін тапқан. Министрдің көмегінің арқасында визам ұзартылды”, – дейді Жанна Қазақстанға қысқа сапарынан қайтып оралғаннан кейін.

Жас жұбайлардың визаны ұзартуда қиындықтарға тап болғаны жергілікті басылымның назарына ілікен болатын. Тоғызыншы шілде күні жария етілген мақаланы елдің министрі байқап қалған. Ол виза мәселесін шешіп беретінін мәлімдеп, өзінің Твиттердегі парақшасында жазба қалдырыпты.

2

Бүгінде министр өзінің берген уәдесінде тұрып, отбасының бірге болуына септігін тигізді.

Виза мәселесі туындағаннан кейін көп ұзамай Жанна еліне қайтып оралғысы келетінін айтып, біраз уақыт Қазақстанда болғаны хабарланған еді.

“Ол отбасымен кездескісі келіп, өз үйіне барып-қайтуды ұйғарды. 15-20 күннен кейін Үндістанға қайтып оралуы мүмкін”, – деген болатын Жаннаның күйеуі Тину.

4

Еске салсақ, бұған дейін алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққаны хабарланған. 29 мамыр күні Жанна Үндістанға келіп, Тинумен Тохана ғибадатханасында некесін қияды. Неке қию рәсімі үнділік жораларға сай өткен.

3

Жанна жаңа отбасында бақытты екенін алға тартқан.

“Мен осында екеніме бақыттымын. Күйеуім мен оның жақындары маған түсіністікпен қарайды. Менің жолым болды”, – деді Жанна.

Ал Тину болса, алты тіл білетін көзі ашық қызға үйленгеніне қуанышты. Ол таяу арада Жанна үнді тілін де үйреніп алады деген үмітте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз