Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Назым Қызайбай: Үйлі болдым, Бауыржан ағама рахмет!

257

Мен 2014  жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал

2016 жылы мамыр айында өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік.

Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, қазақтың спортқа барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет!!! Аман болыңыз, Бауыржан аға!» – деген чемпион өз қуанышымен бөлісіпті.

Айта кету керек, спорт жанашыры Бауыржан Оспановқа Қанат Ислам да өз алғысын жаудырған болатын.

Ал меценаттың өз жерлестеріне жасаған қамқорлығы мүлдем ерекше.

Қазір Алматы облысы Алакөл ауданы  Жыланды ауылының халқына бар жағдай жасалған. Ауылда кинотеатр, спортзал, демалыс алаңы, тойхана сынды халық үшін аса қажетті ғимараттардың барлығын Бауыржан Оспанов жөндеп, ел игілігіне берді.

Сондай-ақ аталған ауыл халқы ішімдіктен бас тартқан. Тұрғындарға қымыз күнделікті тегін таратылады.

Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында ауылға қаланың білікті мамандарын меценат өзі арнайы шақырып, оларға барлық жағдай жасаған. Жаңа баспана салып, жалақыларын да  бірнеше есе өсірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз