Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Назарбаев Жақсыбековке қандай баға берді?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

 Аппараттың басшысы деген президент үшін өте маңызды. Өте сенімді. Өте білгірлікті қажет ететін қызмет. Сондықтан Әділбек Рыскелдіұлын қайтадан қайтаруды ойладым.

Біраз уақыт істеп кетті. Министр болды, ар жағында елші болды. Барлық жағынан өте тәжірбиелі, салмақты, бөліп жармайтын адал қызмет істейтін адам керек болды. Сондықтан Жақсыбековты аппарат басшысы етіп тағайындадым. Қабыл алыңыздар да, бірге жақсылап жұмыс істейтін болыңыздар.

Нығматулин менің жанымда көп жылдан  бірге келе жатқан әріптес. Қай жерге қойсаң да жұмысты орындап, нақты тапсырманы біліп білгірлікпенен жұмыс ітеген азамат. Сондықтан мен рақметімді айтамын. Рақмет, жұмысыңа. Барған жеріңде табысты бол.

Президент, Парламент сайлауын ың-шыңсыз өткізгені үшін алғыс естіген  Нұрлан Нығматулин де жұмыссыз қалған жоқ.

Ықпалды шенеунік Мәжіліске оралып қайта спикерлікке ұсынылды. Ал төменгі палатаны бірнеше ай басқарған 68 жастағы Бақтықожа Ізмұхамбетов саясаттан алыстап Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланып отыр.

Астана әкімінің орынтағы да ұзақ уақыт бос тұрмады. Бұл маңызды қызметке Елбасы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовты лайық деп тапқан.

Бұған дейін әкім болып көрмеген  Исекешов үшін бұл нағыз сыналар шақ. Енді Астананың су жаңа басшысы бас шаһарды ЭКСПО-ға дайындауы керек.

Бұдан-былай елге инвестор тарту мен индустрияландыру шаруасына 41 жастағы Жеңіс Қасымбек жауапты.

Бұған дейін Исекешовтың орынбасары болған Қасымбекті президент Инвестициялар және даму министрі етіп тағайындады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз