Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Назарбаев Тәуелсіздіктің елең-алаңында Парламентті не үшін таратып жіберді?

Мемлекет басшысы еліміздің егемендігінің қиын-қыстау кезеңінде инфляция өршіп, жұмыссыздық белең алғандығын, кәсіпорындар тоқырап, зейнетақы, жалақы болмағандығын баса айтты. Ел дамуының елең-алаңындағы қиындықтар жайында да сөз қозғады.

«Барлық жауапкершілікті өз мойныма алуға тура келді және ескі жүйе бойынша сайланған Парламент жаңа реформалар жүргізуге қарсылық танытты. Оларды айыптауға да болмады. Олар өзге формацияның адамдары еді. Жекешелендіру, нарық, еркін экономика және саясат сынды сөздер түсініксіз болды әрі олар қолдамады. Міне, сол бір буырқанған жылдары биліктің күрделі текетіресі жағдайында Парламентті бірнеше мәрте таратуға және барлық жауапкершілікті өз мойныма алып, 5 айдың ішінде заңды күші бар 147 заң, президент Жарлығын дайындап шығаруға тура келді. Дәл осы жайт Қазақстанның басқа посткеңестік елдерге қарағанда бірнеше қатар алға жылжуына септігін тигізді», – деді Назарбаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз