Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назарбаев көшесінің тақтайшалары қашан жаңаратыны белгілі болды

Қалалық мәслихат депутаттары Мұрат Әділханов, Вячеслав Банщиков, Владислав Ли бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірқатар көшелердің тақталарын өзгерту туралы бастама көтерді.

«Мемлекет басшысының арқасында біз барлығымыз Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Болашаққа жоспар құрып, әркімнің өз ісін ашуға, бизнесін жасауға барлық жағдайлар жасалған. Оның үстіне, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Алматыдағы басты көшелердің бірі, сондықтан біз көше тақталарын жаңарту жұмыстарына атсалыссақ дейміз», – деді мәслихат депутаты, бизнесмен, меценат Вячеслав Банщиков.

Атап айтқанда, ҚР Тәуелсіздігі күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 заңды ұйымның тақталары ауыстырылады.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеде 115 тұрғын үй мен 11 заңды ұйым тақталары өзгереді.

Роза Бағланова атындағы көшеде 136 тұрғын үйдің тақтасы жаңарады. Талғат Бигелдинов атындағы көшеде 24 үйдің тақтасы ауыстырылады.

«Көше тақталарын өзгерту республикалық, облыстық, аудандық мәні бар қалалар, астана, ауыл және басқа да елді мекендерді рәсімдеудің бірыңғай стандарты бойынша жүзеге асырылады», – деді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз