Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Назарбаев билікте ұзақ отыруының себебін айтты

Өйткені, 30 жастағы адамның өзі кәрі адамға ұқсап жүруі әбден мүмкін. Меніңше,

Мемлекет басшысы xалықтың жағдайын жақсартып жатыр ма, жоқ па, дәл осыны басты талап ретінде қарастырған жөн.

Мәселен, Маргарет Тэтчер «Англия мені қанша қажет етсе, сонша жұмыс істеймін», – деп жауап берген. Сөйтіп, шаршағанша жұмыс істеймін деген. Ал Уинстон Черчиль –

«Менің бұл қызметте отырғаным кездейсоқтық емес, заңдылық» деген екен.

Ал, енді, шынымды айтсам,

Президент болу оңай емес, үнемі ой шырмауында жүресің, мемлекетке тағы не істеуге болатынын ойлайсың.

Мен өзіме сұраныстың бар екенін сезіп отырмын. Ол жұмыс қолымнан келеді де»,

– деді Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесуде.

Мемлекет басшысы өзінің президенттік мерзімі 2020 жылға дейін жалғасатынын тағы бір мәрте еске салды.

«Ойлануға әлі де уақыт бар. Барлығы xалықтың сеніміне байланысты болады. Ол – бір.

Екіншіден, жұмыс істеп жатқан адамның денсаулығы мен күш-жігеріне байланысты. Меніңше, бұл қызметте бар күшіңді, тәжірибеңді, тіпті өміріңді сарп етуге әзір болуың керек.

Олай істеуге жағдайың келмесе, ол жерде текке уақыт кетірудің қажеті жоқ», – деп атап көрсетті Президент.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз