Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Назарбаев: балағын қысқартып, сақал қойған діндарларға ислам дінін түсіндіру керек

“Мақсат белгілі, білікті имамдар болса екен деп ойлаймын. Ол бір күнде бола салатын нәрсе емес. Сондықтан білім беру жағына көңіл аудару керек. Сосын мына радикалды көзқарастар дейміз ғой, солармен сөйлесіп, олардың жолы дұрыс емес екенін түсіндіретін, нақты сөзбенен, іспенен дәлелдейтін адамдар керек. Сол жолдың не екенін түсіндірмесек жастар оның бәрін қайдан біледі?”, – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент соңғы бірнеше жылдағы діни радикализммен күресті дінге қарсылық емес, мемлекеттілікті сақтау жолындағы қадамдар екенін халық арасында түсіндіру керектігін айтты.

“Біздің қалыптасқан діни мектебіміз бар. Орталық Азияда, қазақ мұсылмандық мектебінің Әбу Ханифа мәзхабы жолындағы жұмыстарымызды мейлінше жалғастыра беретін боламыз деп ойлаймын”, – дейді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз