Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Наразы шаруа иелері сиырларын әкімдіктің алдындағы газонға айдап әкелді

170

 

– Сиырламызды әкімдікке айдап әкелдік, себебі мұнда құнарлы газон бар. Біз енді күнде осында жаятын болмазы, басқа жер жоқ, — дейді наразылығын білдірген бір тұрғын.

Бұрын ауылда 200-ден астам сиыр болды, енді мал басы төрт есеге қысқарды. Кез келген адам малын қорада ұстап,  жыл он екі ай  шөп сатып ала алмайды. Ауылдықтардың айтуынша, сиырлар жергілікті қоқыс тастайтын жерге жайылады, қалдықтармен уланып, сүті тартылуда. Жақында жергілікті тұрғынға оның малы мектептің алдындағы гүлді жеп қойғаны үшін  50 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Адамдар ауылдағы жалғыз жайылымды шенеуніктер суармалы егіншілікті дамыту үшін алып алды  деп шағымдануда.

Бұрынғы жайылым даулы алаңға айналды. Ауыл тұрғындары оны бірнеше жыл бұрын пияз, аскөк пен қырыққабат өсіру үшін кәсіпкерлерге жалға бергенді деп наразылықтарын білдіруде. Мал бағатын жер қалмады.

–Жайылымға қатысты проблема жоқ, жалғыз нәрсе суатқа байланысты. Суғару кезінде барлық мал атыз арқылы өтіп, кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырауда. Бұл мәселенің шешімін таптық, кәсіпкерлерге бір аптаның ішіннде  аумақтарын қоршауды ұсындық, — деді Қалқаман ауылдық округінің әкімі Нұрбұлан Мұсабеков.

Ауыл тұрғындары  алған беттерінен қайтпаймыз деп отыр, олар ескі жайылымды қайтаруды талап етеді. Ол жерде су да бар, малды бақылауға да қолайлы. Әйтпесе күн сайын әкімдікке малымызды айдап әкелеміз деп қорқытуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз