Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
15
USD
429
+1.16
EUR
520
+3.28
RUB
5.79
+0.04

“Намаздың қатысы қанша?”. 17 жастағы қызды күйеуі не үшін өлтіргені белгілі болды

Ал осыған дейін Маңғыстау тұрғындарының бірі қайтыс болған қыздың Жармыш ауылының тумасы екенін және Ақтау қаласында әпкесінің үйінде тұрғанын хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, қайғылы оқиға алдында ер адам қызбен ұрсысып қалып, кейін Сайын Шапағатов ауылындағы бір туысының үйіне кетіп қалған. Ол жақта қыз туған күн тойлауға шыққан. Ақырысты бір жігіт сол жерден алып қашып, соққының астына алған. Ауруханаға түскен 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмған.

“Әзірше біз ештеңе білмейміз, тек Ақырысты намазды дұрыс оқымағаны үшін күйеуінің ұрғанын білеміз. Басқа мән-жайды білмейміз. Тергеу аяқталған соң ғана жауабын аламыз. Ер адам лайықты жазасын алады деп сенеміз”, – дейді Ақырыстың достары.
Маңғыстау облыстық ІІД қыздың зорлық белгілерінен қайтыс болғанын растап берді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

“9 сәуірде шамамен 23:00-де 1996 жылғы жігіт 1999 жылғы кәмелет жасына толмаған қызға күш қолданып, соққының астына алған. Қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды”, – деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі.

Осы дерекке қатысты Маңғыстау облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз