Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Намаз кезінде “Әмин” деп дауыстап айтқан адам 113 мың теңге айыппұл төледі

Ол сотта жауапты болып жатқан адамдардың есімдерін жасырын қалдырды.

“2016 жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі Қазақстан аумағына таралатын, ханафи мәзхәбін ұстанатын мешіттерге арналған ережені қабылдады. 3.4 тармақ бойынша “Әмин” сөзін дауыстап айтуға болмайды. Алайда осы ережені бұзған адамдар Ақтауда, Атырауда кездескен. Имамдар олардың үстінен полиция басқармасына арыз жазған. Олар құлшылық орындап жатқан кезде дауыстап айтылған “Әмин” сөзін естіп, намаз оқуларына едәуір кедергі келетінін байқаған”, – деді Ғалым Нұрпейісов.

Алайда айыпталушылар “Әмин” сөзін намаздан соң айтқандарын айтыпты. Адвокат Нұрпейісов дәл осы мәселеге бола істің сотқа дейін жеткеніне таңғалған.

“Процесс кезінде мен имамнан сұрадым: Намаз болмаған кезде ол Сізге қалай кедергі келтіріп жүр?” деп. “Ол мешіт ережесін бұзды, болды” деп жауап берді. Бұл Жаңаөзеннің орталық мешітінде болыпты”, – дейді адвокат.

Фото: иллюстрациялық сурет

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз