Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Найман” Қуат Хамитов ән салды

188

Осы мағынадағы видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Жекпе-жек шеберінің ән салып тұрған сәтін Инстаграм желісінде v_astane атауымен тіркелген азамат та жариялады. Ол Қуат Хамитовтың ресейлік спортшыға қарсы өткізген жекпе-жегінен соң қол жеткізген жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайтынын жазыпты. Бейнематериалда спортшының сөйлеген сөздері анық естіледі.

«Бүгін – менің елімде қасиетті мереке. Бүгін Қазақстанның өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар мен де бүгін өзімнің 25-ші жекпе-жегімді өткіздім. Мен осы жеңісімді еліме, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын» деп ағынан жарылады жеңімпаз.

Одан соң ол өзінің ән салатынын жариялайды. Көрермен қауым бұған елең етіп, ду қол шапалақтайды.

«Елім менің» әнін шырқап болған соң соң, Хамит боз кілемге алып шыққан Қазақстанның туын сүйді.

Айта кетейік, қазақстандық танымал жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 57 турнирінің аясындағы жекпе-жегін ресейлік Гаджи Рабадановқа қарсы өткізген болатын. Қуат қарсыласын үшінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

https://www.instagram.com/p/BOHFNSvgjQD/?taken-by=v_astane

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз