Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Надандығын көрсетіп…”. Елдің наразылығын тудырған блогерге Балғынбек Имаш жауап берді

Ол Абайдың орнына ұлтқа көсем, жұртқа үлгі болғысы кеп жүрген біреу-ау.

Әйтпесе, сондай қитұрқы лепірмесін “Сын казаxского народа Нұрлан Байділда” деп аяқтауға қалайша дәті барды, қалайша беті бүлк етпеді?» – деп сынады Балғынбек Имаш Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз сөзінде айтыскер Нұрлан Байділдәнің мұндай әрекетке өз атын шығару үшін барғанын айтты.

«Баян сұлу – байдан шығып байға тисе, Байділда қу – тендерден шығып Абайға тиді-ау! “Атың шықпаса жер өртенің” бұдан асқан мысалын мен көрмедім.

Бір жағынан соңынан ел еріп кетпей тұрғанда, Нұрлан өз надандығын көрсеткені дұрыс та болды. Мен оның суретін де салғым келмейді. Өйткені, оның қалағаны осы пияр ғой», – дейді айтыскер.

Сөз соңында Балғынбек Имаш танымал ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңінен үзінді келтірді.

«Тек оқырмандарға айтарым, Есенқұл Жақыпбектің айтыстағы бір шумағы:

Дейміз біз: Абай ұлы, Абай дана,

Мақтауын асырамыз қалайда да.

Абайды шын түсінген қазақ аздау,

Абайды шын түсінген – Абай ғана!

Абайды қара қазақ шын түсіне алмай жүргенде, шала қазақ қайдан ұқсын?» – деп түйіндеді айтыскер Балғынбек Имаш.

Айта кетсек, блогер, тендер жөніндегі сарапшы Нұрлан Байділданың Абай Құнанбаевқа қатысты айтқан пікірі көптің ойын сан-саққа кетіріп, наразылығын тудырды. Ол Абайды «ұлы адам деп мойындамайтынын» жазған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз