Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мырзағали Айтжанов: Боксшыларымыз Риоға сақадай сай

Өз шәкірттеріңіздің жаттығуына көңіліңіз тола ма?

– Әрине, жігіттеріміз Риоға сақадай сай. Осыған дейін өзіміз жасаған жоспар бойынша жаттығудың бірнеше сатысын аяқтадық. Қазір жігіттеріміз күш жинап жатыр. Алда тағы да бірнеше оқу-жаттығу жиындарымыз бар. Алла қаласа, шілденің 17-нен бастап Астанада жаттығуымызды жалғастыратын боламыз.

– Бұйыртса, қанша медаль алуды жоспарлап отырсыздар?

– Қазақта «арық айтып, семіз шығайық» деген аталы сөз бар. Менде сол ұстанымды қатты ұстанатын жігіттердің бірімін. Жалпы 5 медаль аламыз деген жоспарымыз бар. Оның ішінде 2 алтын алу басты мақсатымыз. Ал бізде жалпы 5 медальдан артык алуға мүмкіндігіміз бар.

– Өзіңіз бапкер ретінде кімдерге баса үміт артасыз?

– Менің қоластымдағы жаттығып жатқан боксшылардың барлығы өз балам сияқты. Әрқайсысын әр түрлі жерде жеке-жеке жаттықтырып жүрген жоқпын. Барлығы бірге жаттығады. Анау мықты, мынау осал деп бөле жарып көрген емеспін. Барлығы да медальдан үмітті. Алайда, әрқайсысының өздерінің бағына байланысты.

– Әңгімеңізге рахмет! Мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз