Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Мынау әлі бар ма? Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 1 миллиард теңгесін салып жіберіпті

Ал күмәнді ұйымға миллиондаған қаражатын салып, алданғанын әлі түсінбеген тұрғындар оны заңсыз қамауға алды деп шу көтеруде. 

«Оптовка» мекемесінің есіктері қазанның 5- нен бері жабық. Өйткені оның бастығы қаржылық құйтырқы әрекетке барды деген күдікпен ұсталған. Колесникованың қолына кісен салынғанда тұрғындар оны босатуды талап етіп, прокуратура алдында шу шығарды. Айтуларынша, осы «Оптовкаға» құйған сомаларының үстемақысын апта сайын алып келіпті. Жарнамасы жер жарғасын жұрт пирамидаға қолындағысын, жоқтары несие қаражатын қаптап тасығанға ұқсайды.

Жұрт осылай десе де, прокуратура Елена Колесниковаға  қаржылық пирамида құрды деген айып тақты. Олар күдіктіде жұртқа оңды- солды үстемақы үлестіретін байлық жоғын айтады. Сондықтан қаражатты уыстап әкелген бірінікін екіншісіне беріп отырған дейді. Тергеу кезінде оны  абақтыда ұстауды да соттан талап еткен.

Гүлнұр Жукина, Октябрь аудандық сотының баспасөз хатшысы:

-Күдіктінің тұрғылықты жерінің болмауына байланысты, тұрып жатқан үйінің жалдамалы болуына байланысты, сонымен қатар қылмыстың ауырлығына қарап және де кәмелетке толмаған балаларын шетелге шығаруға тырысу фактісіне байланысты сот бұлтартпау шарасын қабылдады.

Прокуратура мен соттың алдында Колесникованы босатуды талап еткендердің қарасы қалың. Тасада бармағын тістеп тұрғандары да көп сияқты. Өйткені Қарағанды, Теміртау және Астанада жыл басынан бері қызу жұмыс істеген компанияға 1 миллиардқа  жуық теңге тасығаны белгілі. Ал Елена Колесникованың өзі енді тергеу аяқталғанша кемі 2 ай абақтыда отыратын болды.

?????????????

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз