Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-19
USD
424
+1.47
EUR
506
+2.47
RUB
5.59
0.00

“Мүйіз қойып, құйрығын өсірсін…”. Айдос Сарым ашығын айтты

8238

Сарым әлеуметтік желіде отырып, Абай мен Шәкәрімнің сақалын қалқан етуді әдетке айналдырған «діндарларды» қазақты жікке бөлуде деп айыптап отыр.

«Кейбір əсіре діншіл адамдардың əлемжелідегі ұстанымы мен логикасы қайран қалдырады. Сақалды айтып шыға келеді. Ойбай, Абай, Шəкəрім сақал қойған деп… Құдай-ау! Мəселе сақалда емес қой.

Екі жақты фетишизм боп кетті шынымен!

Мəселе дін мен дəстүрде! Абай мен Шəкəрім қазақтығынан айрылмаған, дін мен дəстүрді ең алдымен жүрегінде, жанында табыстыра білген, соны насихаттаған!

Маған десе біздің кейбір жігіттер сақал түгілі мүйіз қойып, құйрығын өсірсін! Шаруам жоқ!

Тек қазақ арасына жік салып, қазақтың тарихы мен дəстүріне шабуылын тоқтатып, ұлтты бөлгенді қойса болды. Абай мен Шəкəрімді бетіндегі қылы үшін емес, сөзіндегі ақылы үшін жақсы көреміз, құрмет тұтамыз ғой», – деп жазды Сарым өзінің Facebook-парақшасында.

Шал-шауқанның кететін уақыты келді – Айдос Сарым

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз