Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мұхтар Тайжан Әнуар Нұрпейісовтің дау тудырған пікіріне ғылыми дәлелмен жауап берді (видео)

«Ол (Л.Гумилев – ред.) этнос жойылмайды, этнос жаңа ұлттарды, яғни балаларын, немерелерін, жалпы ұрпағын дүниеге әкеледі деп жазған. Мысалы, біз, қазақтар да мәңгілік емеспіз. Бірақ түгіміз қалмай жойылып та кетпейміз. Біздің де балаларымыз, ұрпақтарымыз қалады. Солардан біздің негізіміздегі жаңа ұлт түзіледі. Қазақ хандығына дейін, яғни 15-ші ғасырға дейін жерімізде түрлі тайпалар өмір сүрді. Кейін олар біртұтас қазақ ұлты боп бірікті. 1465 жылы «біз қазақпыз» деп жар салды. Ал олардан бұрын Түрік қағанаты, үйсіндер, сақтар, массагеттер болды. Бірнеше мың жыл бұрын Андронов мәдениеті болды. Кейін бәрі жаңа ұлттарға сіңісіп кетті. Сондықтан этностар жүз жылдан кейін, мың жылдан кейін мүлдем жойылып кетеді деген дұрыс емес» дейді Мұхтар Тайжан бейнеүндеуінде.

Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов жақында Атырауда өткен блогерлер құрылтайында «Қазақтар 500 немесе 1000 жылдан кейін ұлт ретінде жойылуы мүмкін. Жер бетінде бір ғана этнос қалады» деген пікір айтқан болатын. Оның бұл сөзі қоғамда үлкен дау тудырды.

 

Дереккөзkaz.caravan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз