Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мүфтият салафиттерді тоқтата ала ма?

232

Ал оның алдында басқарманы басқарған Ержан қажы Малғажаұлы өз қызметін қалай атқарды? Сондай-ақ, діншілдігінен шенеуніктігі басымдау су жаңа мүфтиден не күтеміз?

Жалпы, ол елімізде тым тайраңдап кеткен салафиттерге тегеурінді тойтарыс бере ала ма?

https://kaz.365info.kz/amirzhan-khosanov-sakhaldy-khojshy-salafitterdin-miyn-khajtemiz-259329

Экс-мүфтидің еңбегі ерең

Дінтанушы Мұхан Исахан экс-мүфтидің еңбегін жоғары бағалайды. Мәселен, ол Ержан қажының Ғұламалар кеңесінің жұмысын жандандырып, қажылықта орын алатын «әттеген-айларды» ретке келтіргенін айтады. Сондай-ақ, ол «Зекет» қорын құрып, мүфтияттың ішінен халал стандартын беретін ЖШС жасақтағанын тілге тиек етті. Бұдан бөлек дінтанушы экс-мүфтидің салафиттерге қарсы жүйелі жұмыс жасағанына жоғары баға берді.

Ержан қажы Малғажыұлы республикалық ақпараттық-насихаттық топ арқылы салафиттердің ең басты ошақтарына отызға жуық білімді жігіттерді жіберді.

Салафиттердің негізгі ошақтары Ақтөбе облысында Қандыағаш, Темір ауданы, Шұбарши, Кенқияқ кенті, Атырау облысында Ганюшкино, БҚО-да Бөрілі ауданы, ШҚО-да Аягөз ауданы, Қарағанды облысында Жезқазған мен Сатпаев қалалары және Маңғыстау облысында Жаңаөзен қалалары болып саналады.

Аталған топ қауіпті аймақта 10 мыңға жуық кездесу ұймдастырып, азда болса нәтиже шығаруға тырысты. РАНТ бөлек жергілікті ақпаратты насихаттық топ құрылып, оған жергілікті полиция қызметкері, ауылдың имамы мен ақсақалдар және ғалым азаматтар кірді. Мүфтият жіберген 30 адам аймақтағы барлық мәселені бір пәсте шеше алмағандықтан ЖАНТ құрып, жүйелі жұмыс жүргізді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

Ержан қажы салафизммен күресудің сара жолын салып берді,

дейді ол.

https://kaz.365info.kz/khol-zhajma-ol-bidgat-dintanushy-salafitterdin-ne-bylykhtyryp-zhatkhanyn-ajtty-283472

Ержан қажы рухани жетекші бола алмады

Алайда Мұхан Исаханның пікірімен дінтанушы Зікірия Жандарбек келіспейді. Дінтанушының айтуынша, Ержан қажы секілді адамның тіпті қазаққа рухани жетекші болуға қақысы жоқ екен.

Өз басым экс-мүфти Ержан қажы Малғажаұлының жұмысына теріс баға берер едім. Себебі, қазақтың дәстүрлі дінінен хабары жоқ адамның қазақ халқына рухани жетекші болуға қақысы жоқ. Бір қарағанда ол «Дін және дәстүр» деген шара жасап, ұлттық руханиятқа мойын бұрған тәрізді. Алайда мүфтият дін мен дәстүрді бөліп қарады.

Шын мәнінде дін мен дәстүр ешуақытта бөлінбейді.

Өкінішке қарай, мүфтият бөлінбейтін нәрсені бөле қарағаннан кейін мен оларды қолдамайтын болдым. Оның үстіне, еліміздің кез-келген мешітінде біздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз кетіп қалды.

Қазір әрбір имам «Аллаға серік қосу» деген желеумен әруақтарға қарсы шығатын болып алды.

Осындай жағдайдың куәсі болып отырып қалайша мен мүфтидің жұмысына оң баға беремін?

Бүгінде бір отбасының діни ұстанымы екіге бөлініп, бала әкесіне қарсы шығатын жағдайға жетті. Қазақтың дәстүрі, діни танымынан хабары болмаса, дәстүр мен дінді бірге ұштастырып жүре алмаса, ондай адам қазақтың рухани жетекшісі бола алмайды,

дейді ол.

Бас мүфти саясатты жақсы меңгерген азамат

Зікірия Жандарбектің айтуынша, экс-мүфти ел сенімін ақтамады. Ал жаңа мүфти Серікбай Ораздың қызметінен көпшілік не күтеді?

Мұхан Исаханның айтуынша, Серікбай Ораз Орта Азиямен шектелмей, ТМД елдерінің ханафи мазһабын ұстанатын мүфтияттарымен ортақ бағытта жұмыс істегелі отыр. Яғни,

Қазақстанда жарияланған пәтуа Қырғызстанда, немесе Ресейдің пәтуасы Қазақстанға теріс болмауы керек.

Серікбай Ораздың жұртшылықты сүйсіндірген ісі республикалық деңгейдегі жиынды Түркістан қаласынан бастауы болды. Өз баяндамасында ол «Біздің діни ұстанымымыз бабалар салып кеткен жол. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Біз өзіміздің қазақтың төл ұстанымынан ауытқымаймыз», деп шегелеп айтты. Егер осы бағытта жұмыс істейтін болса, біраз жетістіктерге жетеміз, деп ойлаймын. Бұған дейін имамдар категорияға бөлінбейтін. Осының салдарынан бір имам жұмыстан шығып қалса, далада қалатын. Енді осы олқылықты реттеп, имамдарды атестациядан өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен, 5 немесе 10 жыл жұмыс істеген имамдарға қандай мәртебе беру керек деген сынды сұрақтарға нақты жауап берілмек. Сондай-ақ, 20-25 жыл жұмыс істеген имамдарға «құрметті имам» деген атақ беріп, жоғары жалақы төлеу сынды көптеген мәселелер қарастырылып жатыр, – дейді.

Дін адамы тек қана діндар болмауы керек

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жұмысын үнемі сынап жүретін Зікірия Жандарбек Серікбай Ораздан үлкен үміт күтіп отырғанын айтады. Нақтырақ айтсақ, ол бас мүфтидің ең алғашқы жұмыс сапарын Түркістан қаласынан бастағанын жоғары бағалады.

Ол Түркістанға келіп, конференция өткізіп, дәстүрлі дінге байланысты өзінің өзекті пікірлерін ортаға салды. Бұл біле білген адамға үлкен жетістік. Өзім жаңа мүфтимен кездесіп, әңгімелестім, ой-пікірі қазақтың танымына жақын екен. Сондықтан да бұл мүфти хазіретті 100 пайыз қолдаймын. Мүфтимен кездескенде оған медреседегі шәкірттерге қазақтың салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарына сәйкес білім беру туралы ұсыныс айттым. Бұл ұсынысты мүфти мен оның жанындағы азаматтар қолдады. Қазір оның бұрын мемлекеттік қызметте болғанын айтып, сынап жатқан азаматтар баршылық. Менің ойымша, оның бір кезде лауазымды қызмет атқарғаны кемшілік емес, керісінше артықшылық. Себебі ол билікпен де, халықпен де ымыраласып жұмыс істеуге. Жалпы, дін адамы тек қана діндар болып қалуы керек деген түсінік дұрыс емес, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/sa-boly-yz-salafitter-zombige-ajnal-an-245990

Бұған дейін ҚМДБ мен салафиттерді сынап келген дінтанушының Серікбай Оразды қолдауы қызық. Өйткені мүфтияттың салафиттері тоқтатып, елде тұрақтылықты сақтауға қаншалықты қауқарлы?

Егер де

мешіттегі имамдар дұрыс дайындықпен халықтың алдына шығатын болса, салафизмді жоюға мүмкіндік бар. Бірақ олар ең әуелі арнайы дайындықтан өтуі керек.

Мысалы, ханафи мәзһабының өз ерекшеліктері бар. Сол сияқты қазақтың танымындағы ханафи мәзһабының ерекшеліктерін имамдар жақсы түсінуі керек. Сол кезде олар еліміздегі күрделі мәселені толығымен шешіп кете алады. Негізі, имамдар Құранның аяттарымен дәлелденген ханафи мазһәбінің жолымен жүрсе, жағдай реттеледі. Нақтырақ айтсам, Имам Матруди, Қожа Ахмет Ясауи және әулие-әмбилердің жолымен жүрсек, ол да Құранның қағидаларына қайшы келмейді. Өкінішке қарай, бұл мәселені біздің имамдардың көпшілігі дұрыс түсіне бермейді. Бірақ жаңа мүфтият осы мәселеге бет бұрды, Құдай қаласа мәселе оңынан шешіледі деп ойлаймын, – дейді Зікірия Жандарбек.

Әрине, Зікірия Жандарбектің мүфтияттің қолынан салафиттерді тоқтату керек деген сөзі көңілге қуаныш ұялатады.

Алайда салафиттерге тойтарыс беру мүфтияттың уысынан шығып, құзырлы орган шешетін жағдайға жеткен тәрізді.

Фото: ummet.kz
https://kaz.365info.kz/artynda-ylken-kysh-tyr-khazakhtyn-bas-salafiti-mybarovke-biliktin-tisi-nege-batpajdy-298862

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз