Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Монополияға қарсы комитет заңға пысқырмайтын компаниялар барын айтты

155

Бұл туралы бүгін Астанада «Нарықтық билікті айқындау және ықпалдыларды тергеп-тексеру әдістері» тақырыбындағы конференцияда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2015-2016 жылдары біз 71 тауарлық нарыққа талдау жүргіздік. Ол не көрсетті? Тауарлық нарықтардың 4,3 пайызы орнықты шоғырланған және 95,7 пайызы жоғары түрде шоғырланып отыр. Отын энергетикалық кешеннің нарықтарында 48,5 пайыз, өнеркәсіптік бағытта 17,6 пайыз, агроөнеркәсіптік кешенде – 16,2 пайыз, қаржы – 8,8 пайызды, сондай-ақ басқа нарықтарда 8,8 пайызды құрап отыр. Бұл нені білдіреді?

Атап айтқанда, бүгінде бізде нарықтың қатаң олигополиялық құрылымы бар және осы нарықтарға кіру үшін елеулі кедергілер байқалды. Сондықтан да осы нарықтарға жасалған талдау нәтижесі бойынша экономикалық үдерістерді реттеудің тиісті шараларын қабылдау қажеттігі туралы 16 ұсыныс енгіздік»,-деді Серік Жұманғарин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз