Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Монғолиядан әкелінген көліктерді тіркеуге алған шенеуніктер жауапқа тартылуы мүмкін

Сонымен қатар, кінәлілерді жеке-жеке анықтауы тиіс. Көлік прокуратурасының талабынан кейін, мемлекеттік кіріс комитеті моңғолиялық көліктерді қожайындарына қайтарып берген. Өйткені құзырлы орган мәселенің мән-жайына терең үңілмей, асығыс шешім қабылдағаны анықталды.

Бірақ автомобильдер иелеріне уақытша ғана қайтарылып отыр. Себебі, жүргізушілердің қолындағы кедендік декларация жалған боп шығуы әбден мүмкін. Тергеу кезінде осындай былық әшкереленетін болса,темір тұлпарлардың тұраққа қайта қойылуы ықтимал.

Айта кетейік, баж салығы төленбеген 800-ден астам машина Қазақстанға Моңғолиядан Ресей арқылы кіргізілген. Тіпті, бірнеше рет қолдан қолға сатылып кеткендері де бар.

Дереккөз: Ктк.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз