Демократиялық партия құру бастамасының көшбасшысы Жанболат Мамай 22 ақпан күні бұған дейін хабарланған құрылтайдың орнына митинг ұйымдастыратынын айтты. Ал тағы бір қоғам белсендісі Төлеген Жукеев «бұл митингтің соңынан басқа да азаматтық бүлік акциялары болуы мүмкін» деді.
— Мен басқа жол таңдар едім. Егер партия құра алмаса, республикалық қоғамдық бірлестік немесе қоғамдық қор, тіпті болмаса екеуін де құру керек еді. Яғни саяси алаңда әрекет етуге мүмкіндік беретін қандай да бір ұйым жұмысын қолға алу қажет. Ең болмағанда біреуін тіркейтін еді. Партияның мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан басқа басымдылығы жоқ. РҚБ тіпті президенттікке кандитат ұсына алады. Бұрын дәл осылай Қосанов та сайлауға қатысқан болатын. Барлық жүкті бір атқа артпай, жан-жақты ойлану керек, — деді саясаттанушы біздің порталға берген сұхбатында.
Сондай-ақ Шибутовтың пікірінше акция өткізетін уақыт дұрыс таңдалмады, ол бұл туралы өзінің Telegram каналында жазды.
— Дәл осы күні Мұхтар Аблязов та халықты митингке шақыруда, сондықтан олар бірге шығуы мүмкін. Аблязовтың БТА қаржатын жылыстағаны үшін сотталғанын ескерсек,
ҚДТ-мен бірге шығу арқылы — ол өзінің партиялық жобасын біржола құрдымға кетіреді
Нәтижесінде оған Аблязов өз қозғалысын заңды түрде жүргізу үшін таңдаған сыңары ретінде қарайтын болады, — деп жазды саясаттанушы.
Сондай-ақ сарапшының пікірінше Мамай Аблязовқа қосылатын болса,
оның жеке үндеу мақсаты жоқ екені белгілі болады
— Егер жеке шығатын болса, не мақсатты көздейтінін түсінер едік. Енді тек белгіленген күнді күтіп, бақылау ғана қалды, — дейді Марат Шибутов.