Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Үміт аз”. Ресейлік профессор Ақтауда зорланған қыздың жағдайы туралы айтып берді

Сапар аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізу жоспарланып отыр.

“Мен ауыр пациенттерді және ол қызды да қарадым. Бой жетіп кеткен қыздардың әкесі ретінде бұл оқиға мені қапаландырмай қоймайды. Дегенмен, дәрігер ретінде айтар болсам, менің жеке пікірімше жағдай жақсармайды. Барлық күш салынды. Іс жүзінде, мен қазақстандық дәрігерлерге сырттай кеңес беріп отырдым. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер бұл сәбидің жағдайына ерекше ден қойды. Бірақ оны құтқаруға жұмсалған барлық күштер қажетті нәтиже бермеді. Жалпы, баланың оңалуына мүмкіндік жоқ деуге болады”, — деді Царенко журналистермен жүргізілген сұхбатта.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ.

“Әрдайым ми өлімі адам өліміне теңестіріледі. Заманауи медицинада ол кішіқайтымды деп аталады… Қазір оның қанша уақыт жан сақтау бөлімінде болатынын болжау мүмкін емес. Бүлдіршін қаза тапты деуге болады”, — деді маман.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз