Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Үміт артқан америкалық ғалымдар ақтаулық 6 жасар қызға көмектесе алмайтындарын айтты

Алайда ақтаулық кішкентай қыздың апасы америкалық ғалымдармен келіссөз әлі жалғасып жатыр, сондықтан әлі үмітіміз бар дейді.

„Бұл нақты мәлімет емес, ол туралы айтқым келмей тұр, бірақ келіссөздер жүріп жатыр„ – деді ол.

2016 жылдың тамыз айының соңында Ақтауда 6 жасар қызды педофил ұрлап әкетіп, қала сыртында зорлап-қорлаған, ауыр халде ауруханаға жеткізілген бүлдіршіннің кейіннен комаға түскені белгілі болды. Ал 2-қарашада оған „миы өлі„ деген диагноз қойылды. Астанада болған ресейлік профессор Сергей Царенко да қызды қарап, жағдайдың оңалуы екіталай екенін айтты. Оның пікірінше, әрдайым ми өлімі адам өліміне теңестіріледі.

Алайда кішкентай қыздың отбасы үмітін үзбек емес. Олар „ми өлімін„ зерттейтін америкалық ғалымдарға баласын өткізгісі келеді. Осы өтінішпен педофилдің құрбаны болған 6 жасар қыздың апасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған-тұғын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз