Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
426
+0.01
EUR
495
-0.20
RUB
5.98
+0.03

Министрлік өкілі елімізде балағат сөздер сөздігі жоқ екенін мойындап, ұялып қалды

144

Депутаттың айтуынша, көрермендер тарапынан кинозалдарда көрсетiлетiн фильмдерде балағат сөздерге жол берiлетiндiгi жөнiнде орынды ренiштер айтылып жүр.

«Мұндай заңнама нормасы көршiлес Ресейде бар. Тек қана мәдениет ұйымдарына ғана қатысты емес. Бiздiң телеарнаның алдында кейде бала-шағамен отыру қиын. Бұл жалғыз мәдениет туралы заң ғана емес, алдағы уақытта телерадио туралы заңға да осындай өзгерiс енгiзетiн боламыз», – дедi Кәрiбай Мұсырман.

Бұл ұсынысқа Әдiлет министрлiгiнiң уәжi бар. Министрлiк өкiлiнiң айтуынша, бiзде нормативтiк емес лексиканың нақты тiзiмi жоқ. Әрiптесiн Мәдениет министрлiгiнiң өкiлi құптады.

«Бiзде осындай сөздердiң тiзiмi жоқ және сөздiк те жоқ. Ресейде төрт сөздiк бар екен. Фильмдерге прокаттық лицензиялар беруге үлкен кедергi болатын сияқты», – дейдi Ақтоты Райымқұлова.

Бұл ұсынысты талқылай келе, заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерi оны жетiлдiру қажет деп шештi.

«Ресейде фильмдердегi балағат сөздердi естiртпей тастап, үстiнен жауып отырады. Осы жолмен бiзде де балағат сөздердi алып тастау, осындай сөздер болса, қабылдамау ұсынылып отыр. Мен өз басым қолдаймын. Бiрақ оны дауысқа салатын боламыз», – дедi журналистерге жұмыс тобының жетекшiсi Бекболат Тiлеухан.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз