Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Министрлік Алматының әлемдегі криминальды қалалар тізіміне неге еніп кеткенін түсіндірді

“Сервистегі мәліметтер ағылшын тілді сайтқа соңғы 3 жылда кірген қолданушылардың субъектив пікірі бойынша жасалады. Ал ресми мәліметтерге сүйенсек, яғни ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіндегілердің мәліметінше, соңғы жылдары елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар азайған. Алматыдағы қылмыс деңгейі де азайған.

Осы жылдың 8 айында Алматыдағы қылмыс 8,7 процентке азайған, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар (-13,4 процентке) және аса ауыр емес қылмыс (-13,6 процентке)”, – делінген ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазіргі уақытта Алматыда еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 20 проценті тіркелгенін айтып өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз