Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Министрлер жыл бойы игерілмеген қаржыны екі аптаның ішінде игеруге уәде берді

Осы уақыттың ішінде орталық және жергілікті органдар 800 млрд теңгеге жуық қаражатты игеруі қажет. Сондықтан қалған уақытта осы мәселеге аса үлкен назар аударып, белсенді жұмыс атқару керек», – деді Ә.Смайылов.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әрбір министрден игерілмей қалған қаржыға қатысты есеп беруді сұрады. ҚР Қорғаныс министрлігі жылдың аяғына дейін 40 млрд теңгені толығымен игеруге мүдделі. Ал ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов игерілмей жатқан қаржының себебін түсіндірді.

«Бізде 13 миллиард, оның ішінде Ұлттық гвардияның 7 миллиарды. Мына бізде xаттама бар. Қазинжиниринг пен Қазспецэкпорт 20 желтоқсанға дейін заттарды алып келеді. Сосын төтенше жағдайлардың 2,5 миллиарды, оның ішінде 1,9 миллиарды бойынша қазір қаулыны дайындап жатырмыз.

Оны қайтарамыз. Полиция бойынша тағы 1,2 миллиард бар. Қазір барлық сатып алған заттарымыз қоймаларда жатыр. Қалғаны 1,2 миллиарды, ол «текущий расxод» дейміз. Оның бәрін орындаймыз», – деді Қ.Қасымов.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, басында 11 млрд теңге игерілмей жатты. 10 желтоқсанға дейін 7 млрд теңге жоғары оқу орындарына жіберілді. Ол ақшаға жаңа ақпараттық автоматтандыру жүйесі енгізіледі.

«Соны дұрыстап толтырмай, содан кішкене уақыт бойынша кешігіп отырмыз. Толығымен орындалады», – деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі де 8 миллиард теңгесін толығымен игереміз деп отыр.

«Соның 2 миллиард 190 миллион теңгесі су шаруашылығында екінші деңгейлі банктерде жатыр. Кепілдіктер керек болып тұр. Мердігерлер әлі ала алмай жатыр. 1 миллиард 600 миллионы актілерді күтіп отыр. Содан кейін ғылым саласында 1 миллиард 200 миллионы анау ВНТК-ның кешіккеніне байланысты. Жылдың аяғына дейін толық жабамыз деп отырмыз», – дейді министр Өмірзақ Шөкеев.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы да 8 миллиард теңгенің игерілмей жатуына себеп болған жағдайларды түсіндірді. Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін барлық қаржы игеріледі.

«Біздерде негізгі жоспарлар ол – Тәуелсіздік күні, Жаңа жылдың алдында мерекелік шаралар көп қой. Соларға байланысты. Сосын жоғары оқу орындарының жылдың аяғында алатын заттары… Ұлттық музей де бар. Бәрі игеріледі, Бақытжан Әбдірұлы», – деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз