Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Министр өзін қыздарға қырғидай тиетін азғын ретінде көрсеткен үндеуге жауап қатты

111

Еңлік Сыдықованың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнер академиясының ректоры қызметін атқарған кезде оқуға түсуге келген қыздан 3 мың доллар сомасындағы пара сұрап, онымен жақындасқысы келген. Оқиғаның мән-жайын Еңлық Сыдықова видеода толық айтып берді.

Қыздың сөзіне сенсек, қыздарға “қырғидай тию” Арыстанбек Мұхамедиұлының әдетіне айналған. Оның тобындағы қыздардың көбіне ол осындай ұсыныстар жасаған-мыс. Ол, тіптен, аудиторияға мас күйінде келіп, топты ән айтуға мәжбүрлеген кездер де болған екен.

Видеоны көрген желі қолданушылары Еңлікті қолдау мақсатында түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.

Ал Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұған айтар өз уәжі бар екен.

“Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлға, оның ішінде, Мәдениет министрі болған соң, бұл мәселені айналып өтуге қақым жоқ. Бұл видео хабарламаның дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралау керек болған сияқты”, – дейді Мұхамедиұлы.

Министр Еңлік Сыдықованың мәлімдемесін жала жабу деп танып, өз құқығын заңды жолмен қорғайтынын жеткізді.

“Меніңше, видео хабарламаны жазған бойжеткенге адвокаттардан дұрыстап кеңес алған жөн. Мен мамандарға видеоны жақсылап зерттеуді тапсырдым. Енді барлығын заң талаптарына сай реттейтін боламын”, – дейді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, бұл өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылған іс болуы мүмкін.

“Видео соңында ол Болат Атабаевтың тобында оқығанын айтып, өзін өзі ұстап берді. Әрине, бәрі түсінікті. Мүмкін, бұл қызға ақша төлеген шығар, мүмкін, ол жай ғана өзін жарнамалағысы келген шығар”, – дейді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз