Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Министр жүр ғой мында…”. Емші бала Ербосынның қызметі “өсіп” кетіпті (видео)

298

Бұл – 11 жастағы Ерболсынның «жұлдызды сәті». Басында тақиясы, қолында қамшысы бар баланың кесек-кесек сөзіне қарап, тіпті ересектер де именетін. Адамның сұрағына жауап бермей, үлкен кісілерге жекіп тастайтыны бар. Ал кейде, тіптен басқа кейіпке еніп, өзгеріп кетеді, – дейді алдына барғандар.

https://kaz.365info.kz/men-zhyndy-emespin-emshi-bala-erbosyn-kimge-ashuly-foto-271628

Қазір Ерболсын 15 жаста. Аралқұмнан Ақтөбеге көшіп келген. Өзгерген, ер жеткен. Қаладағы мектептердің бірінде тоғызыншы сыныпты бітіріп жатыр. Бұрынғыдай иін тірескен халықты ауылдағыдай үйінде қабылдамайды.

«Арнайы кеңсем бар» дейді. Іздеген адам сол жерден табады екен. Ал іздеушілердің өзі анау-мынау адамдар емес. Арасында «вип» клиенттер де бар көрінеді.

«Әншілер іздеп келді мысалы, бір-екі әнші Ақтөбеге келді. Астанадан, көбінесе білім бөлімінде жұмыс жасайтын және де министерствода жасайтын ағаларымыз, апаларымыз келіп, емдерін қабылдап кетті. Рақметтерін айтты. Бірақ, олардың атын атай алмаймын, ренжімеңіз» – дейді емші Ерболсын Серікбаев.

https://kaz.365info.kz/ol-taza-alayakh-kasibi-maman-emshi-bala-erbosynnyn-otirigin-shygardy-foto-video-268340

Аралқұмнан кеткелі жас емшінің өмірі түбегейлі өзгерген. Оны Ерболсын да жасырмайды.

Ақтөбенің ауқаттылары тұратын ауданда тұрып жатыр. Бірақ, тұрмысына емнен тапқан табысының қатысы жоқ екенін айтады. Қазір бос уақыты жоқ. Мектептен соң спортпен айналысады, вокалға, биге барады. Ал мектепті 9-сыныппен аяқтаймын деп отыр.

«Тоғыз бітірем, шығыс медцинасын жалғастырғым келеді»

– дейді емші Ерболсын Серікбаев.

Бозбала әлі өзін-өзі іздеп жүр. Хоббиі көп. Әнді бір адамдай салсам даусым бар, неге айтпасқа, дейді. Ал көп алдына шығып сөз сөйлесе, ол шешендігі екен.

Бақытты еліміз бар егеменді!
Барынша мақтанайық неге енді?
Ардақты Астанама көрік беріп,
Әлемге танылады Бәйтерегі!

https://kaz.365info.kz/smanov-khajdan-biledi-imam-emshi-erbosynnyn-shyn-manisinde-kim-ekendigin-ajtty-video-267175

«Үкілі баланың» айтуынша ұстаздары оны сегіз қырлы, бір сырлы деп мақтап, дәріптейтін көрінеді. Сөзім дәлелді болсын деді ме екен, бізбен кездесуге «Дарынды балалар – бақытты ел болашағы» деген кітапшаны ала келіпті. Ішінде Ерболсынның да есімі бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз