Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
5
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Министр Дүйсенова зорланған 6 жасар ақтаулық қыздың жағдайы жайлы айтып берді

“Қыздың жағдайы тұрақты. Барлық қажетті ем көрсетіліп жатыр. Денсаулығы жақсарады деп үміттенеміз. Қазір оны отандық дәрігерлер емдеп жатыр. Үздік мамандар өз кеңестерін берді. Әзірге шетелдік дәрігерлердің көмегін пайдаланбай, өз күшімізбен реттеп жатырмыз”, – деді Дүйсенова.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда, оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы беттен табылған. Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.  Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз