Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі

Жеке тұлғалар, жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтушылар, оның ішінде, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек етіп жүргендер 2020 жылғы 1 қаңтардан жарна төлей бастайды.

Сондай-ақ кейбір санаттағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан аударылатын жарнаны да осы уақыттан төлеуді ұсынамыз”, — деді бүгін парламент мәжілісінің комитет отырысында вице-министр Ләззат Ақтаева.

Оның айтуынша, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардың жарна мөлшерін 5%-дан 1%-ға азайту ұсынылып отыр. Ал жұмыс берушілер 2018-2019 жылдары 1,5% мөлшерінде ақша аударуды жалғастыра береді.

“Бұл ретте 2020-2022 жылдары сақтандыру жүйесіне кірмеген азаматтарға тегін медициналық көмек көрсету сақталады”, — деді Ақтаева.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз