Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Миллиардтаған салықтан жалтарған қылмыстық топ әшкере болды

опер видеосъемка.wmv_snapshot_01.01_[2016.05.13_08.49.30]

Жалған кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелеріне ашқан банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, жіберген сомадан 4 пайыз үлесін алып, қалғанын контрагент-клиенттерге қайтарып беріп отырған.

Аталған факт бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің біріндегі есепшоттарынан 65,3 млн теңге нақты ақша алып жатқан бір топ азамат ұсталған болатын.

опер видеосъемка.wmv_snapshot_02.16_[2016.05.13_08.50.21]

опер видеосъемка.wmv_snapshot_01.28_[2016.05.13_08.49.59]

Соның арқасында, аталған топ ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың контрагент-клиенттері жалтарған салық сомасын есептеу мақсатында 71 сот-экономикалық сараптамасы тағайындалды.

Сараптамалар нәтижелеріне сәйкес, контрагенттер жалтарған салық сомасы 12 млрд, 500 млн теңгені құрады.

Қылмыстық істің негізгі ұйымдастырушысының 200 млн. теңгеден асатын мүлкіне (Алматы қаласындағы пәтер, бизнес комплекс (КЖО, дүкен, жылу қазандығы) «Мерседес-GL-500» и «Тойота Ленд Крузер Прадо» автокөліктері) тыйым салынды.

Қазіргі таңда азамат М-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз