Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілердің үздік ондығына кірді, – деп хабарлайды 365info.kz сайты Sports.kz сілтеме жасап.
Рейтингте Рыбакина 10-орынға жайғасты. Оның бір жылдағы табысы 16,3 миллион долларға жеткен. Сол табыстың 11,3 миллион доллары жүлде қорларынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттан түскен.
Ал алғашқы ондыққа Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енді.
2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:
Айта кетейік, Рыбакина 2026 жылғы маусымда Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді.