Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
21
USD
469
-8.23
EUR
535
-11.48
RUB
6.04
-0.16

Өгей қызын зорлаған павлодарлық өмір бойына сотталды

Тергеу мәліметінше, қыздың бұл туралы ешкімге айтпауы үшін күдікті бүкіл отбасын өлтіремін деп қорқытқан. Осылайша ол бірнеше жыл бойы қылмысын жалғастырған. Соңғы эпизод 2025 жылы жәбірленуші 11 жасқа толғанда тіркелген. Іс материалдарын зерделеген сот айыпталушыны кінәлі деп таныды.

«Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынсын», – деп үкімді Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Жанна Нығыбаева оқыды.

Соттың мәліметінше, қазіргі таңда 36 жастағы ер адамның кінәсі жәбірленушінің бастапқы жауаптарымен, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртіппен шағым жасауға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз