Киевтегі метрода жасы келген кейуана мысықты шайнап жеп қоя жаздады. Мына бейнежазба Киев қаласының метросында түсірілген. Қайыр сұрап отырған кемпір мысықтың аяғын шайнап жеп қоя жаздады.
Метродағы жұрт жабылып жүріп әрең дегенде оның аузынан шалажансар мысықты жұлып алды. Бой бермеген кемпірді жерге жығуға тура келді. Екі станцияның арасында қайыр сұрап отырған кейуана метрода жүрген мысықты жұлып алып, жұрттың көзінше аяғынан тістеп жей бастаған.
Мысықтың бажылдаған дауысына жалт бұрылған ел кемпірге тап берді. Жиналған жұрт кемпірдің қарысып қалған жағын аша алмай әуреге түсті. Ал кемпірді мазалаған жалғыз нәрсе – сынып қалған кәрзеңкенің ақшасын кім төлейді?
Мұндағы жастар бұл қайыршы кейуананы бұрыннан бақылап жүріпті. Олар кемпірден мысықтарды тартып алғысы келіпті. Үй жануарын Михаил Корнейчук құтқарып қалды. Ол мысықты үйіне алып кетті. Бағына орай, сол жерде блогер болып, оқиғаны телефонына түсіріп алды.
https://kaz.365info.kz/ol-menin-dauysym-tojda-hitke-ajnalgan-anderdin-avtory-bakhaevanyn-maskharasyn-shygardy-video-326890
Мысықтың қаны оның бетіне жағылып қалыпты.
“Рентген мысықтың сүйегі сынбағанын көрсетті. Айтуынша, иығындағы бұлшық еттері жарылған. Хирургтар мысықтың оң жақ шынтағының буынына зақым келгенін айтып отыр. Бір миллиметр болғанда, кемпір мысықтың нерв жүйесін шайнап, мысық ақсақ болып қалушы еді”, — деді зооқорғаушылар.
Дерек көз:Ктк.