Әншінің айтуынша, іш киіммен шыққан қыз елдің мемлекеттік рәмізін қорлады.
Танымал әртіс оны ғана емес, мемлекеттік рәмізге құрметпен қарамағандардың барлығын жауапкершілікке тартуға шақырды.
«Осындайларды жауапқа тарту керек … Егер көк туымыздің, жаны, қол-аяғы болса, сенің қолыңа түспес еді… жақындатпас еді жанына. Әттең- ай… Модники. Көрсеткілерің келсе, жөні түзуін таппайсыңдар ма?! Боже… что за пигурааа?? После карантина, менің фигурамнан аумайды екен. Мұсылмандығымыз қайда қалды?! Ең қинайтыны, көк туымыз-ай… қор болған», — деп әнші наразылығын білдірді.