Халық әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің соңғы қоңырауына қатысып, ел алдына шығып сөз сөйледі.
Бұл туралы әншінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктелген видеодан көруге болады.
Алматыдағы №159 Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназиясында қазақтың халық әншісі Мақпал Жүнісова болып, түлектерге жүрек тебірентер тілегін жеткізді. Әлеуметтік желіні қолданушылар Мақпал Жүнісованың қызы Мерей мектепті тәмамдап жатыр екен деп өз тілектерін аямай бұрқыратыпты. Алайда Мерей әлі 8-сынып оқитын болып шықты. Бұл туралы Мақпал апайымыз желі оқырмандары сауалына берген жауабында жазды.
https://www.instagram.com/p/BUgUQZiDKXF/?taken-by=zhunusova.makpal