Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Менің кемшілігім…”. Зарина Омарова неден ұялатынын айтты?

310

“Үлкен ұлым Әлижан, 5-сыныпта оқиды, қызым биыл 1-сыныпқа барды. Ұлым математикаға жақын, біздің әкеміз физматты бітірген. Болашақта жақсы бір маман болып шығады деп сенемін. Ал қызым мен жаққа бұрылып кеткен”, – дейді Омарова.

«Әнді сенен жақсы айтам…». Зарина Омарова Димашты жекпе-жекке шақырды (видео)

Қызы өнерге жақын болғанымен, Омарова оның әнші болғанын аса қаламайды. Себебі:

“14-15 жасымнан бастап үлкен Роза Рымбаева апаларымызбен, Ақжол Мейірбеков ағаларымызбен гастрөлдетіп жүретінмін. Қыз балаға екі есе ауыр, өйткені ол отбасын құрып, ана болуы керек”, – дейді ол.

Ал Заринаның ең үлкен өкініші – балаларының орыстілді болуы. Әншінің айтуынша, үйдегі отағасы орысшаға жақын адам. Ал бүгінде үйде ана тілінде сөйлейтін Заринаның өзі ғана екен. Сұхбат кезінде аналарының жанында болған бүлдіршіндер журналистің сауалына тек орыс тілінде жауап берді.

«Дәлелдегім келді». Төреғали Төреәлі туған күнінде өзінің жаңа фильмінің тұсауын кесті (видео)

“Балаларым кішкене орысқұл, одан ұяламын. Ол менің ең үлкен кемшілігім деп ойлаймын. Жолдасым орысқұл болғаннан кейін, үйде қазақша сөйлейтін жалғыз адам мен. Менің қазақшамды үш адам түсінбейді”, – дейді Зарина.

Жаңа түскен келіннің видеосы желіде қызу талқылануда (видео)

Сондай-ақ, Омарова өзінен кейін ерген сіңлісі мен інісі жайлы да баяндады.

“Менің жанұямда мен ең үлкені, менен кейін Мәдина есімді сіңлім, Азамат есімді інім бар. Ініме әкеміздің композиторлық қабілеті дарыған. Керемет даусы бар деп айта алмаймын, ал сіңлім мүлдем ондайға жоқ. Әншілік, сахнадан алыс”, – дейді Зарина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз