Оралда шетелдік компанияларға жұмысқа орналастырамын деп отыздан астам адамды алдап соққан алаяқ ұсталды.
Полицияның қолына түскен 36 жастағы күдікті Сырым ауданының тумасы деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
Руслан Есетов, қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі:
– Қазіргі уақытта күдікті Талблимов Арман 2 ай мерзімге ұсталып, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылған болатын. Күдікті Арман Талблимовты таныған болсаңыздар 102 нөміріне хабарласуға немесе Орал қаласы Айталиев көшесі мекен-жайындағы Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз беруіңізге болады.
Ахмет Сақыбаев, зардап шегуші:
– Мен ол кісіге 120 мың теңге бердім. Себебі ол мені шетелдік компанияға жүргізуші ретінде кіргізуге уәде берген еді. Бірақ кейін оны таппай қалдым.